Путин Трампқа сыйлаған портреттің құпиясы ашылды

Путин Трампқа сыйлаған портреттің құпиясы ашылды
23.04.2025 10:03
0
387
Nikas Safronov
Ресейлік суретші Трамптың портретін кім үшін салғанын айтты

Ресейлік суретші Владимир Путиннің Дональд Трампқа сыйлаған портретінің құпиясын ашты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Биыл наурыз айында Ресей президенті Владимир Путин АҚШ-тың президенті Дональд Трампқа оның жұмбақ портретін сыйға тартқан болатын.

Картина Трамптың өкілі Стив Уиткофф арқылы жеткізілді. Ол портретті подкастер Такер Карлсонға берген сұхбатында «Ресейдің белгілі суретшілерінің бірінің тамаша туындысы» деп сипаттаған еді.

Уиткоффтың айтуынша, Трамп бұл сыйлықтан «айрықша әсерленген», бірақ портреттің өзі сол кезде жұртшылыққа жарияланбады.

Енді Кремльдің тапсырысымен осы портретті салған ресейлік танымал суретші Никас Сафронов CNN арнасына эксклюзивті сұхбат беріп, портретті алғаш рет көрсетті.

Портретте 2024 жылдың шілдесінде Пенсильвания штатының Батлер қаласындағы митинг кезінде өзіне жасалған қастандық әрекетінен кейін сахнада жұдырығын көтерген Трамп бейнеленген.

«Мен үшін оның беттегі қаны мен шрамы, сондай-ақ сол сәттегі батылдығын көрсету маңызды болды. Ол қорыққан жоқ, керісінше қолын жоғары көтеріп, өзінің Америкамен біртұтас екенін және елге лайықты деңгейін қайтаратынын көрсетті», – деді Сафронов CNN-ге берген сұхбатында.

Сафронов көптеген әлемдік көшбасшылардың, соның ішінде марқұм Рим папасы Франциск, Үндістан президенті Нарендра Моди және Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның портреттерін салуымен танымал.

Трамптың портретіне қатысты Сафронов былай деді: «Маған белгісіз адамдар келіп, Трампты өзім көргендей етіп салуымды сұрады». Бастапқыда ол бұл адамдардың кім екенін білмеген, бірақ кейін бұл тапсырыс Кремльден екенін түсінген.

«Портретті сала бастағанда бұл екі ел арасындағы қарым-қатынасты жақсартуға септігін тигізетінін түсініп, ақша алудан бас тарттым», – дейді суретші.

Кейінірек суретшімен Владимир Путиннің өзі байланысып, бұл портретті Трампқа сыйлау АҚШ пен Ресейдің арасындағы қарым-қатынасты жақсартудағы маңызды қадам екенін айтқан.

CNN-ге көрсетілген бұл портреттің өзі қазір Ақ үйдің Үлкен фойесінде, бұрынғы президент Барак Обаманың ресми портретінің орнына ілінген суретке ұқсас болып шықты.

Трамптың оң жұдырығын көтеріп тұрған және бетінде қаны бейнеленген бұл әсерлі сурет оның сайлауалды науқанының күш-қуатының символына айналған.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий