"Қабырғам менің": Аша Матайдың күйеуі оған не істегенін айтты
Белгілі әнші, актриса әрі тележүргізуші Аша Матай 36 жасқа толды. Өнер иесі туған күнінде желіде әсерлі жазба жариялап, жақындарына алғысын жаудырды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Аша Матай жүрекжарды жазбасын тәрбиелеп өсірген ата-анасына және қорғаны бола білген жолдасына арнаған. Шоу-бизнес жұлдызы бүгінде аса бақытты екенін айтты.
"Қош келдің, 36 жас! Рақмет, папа. Рақмет, мама. Өмір сыйлағандарыңыз үшін, берген тәрбиелеріңіз үшін, бағалы кеңестеріңіз үшін, бар болғандарыңыз үшін! Отбасым-байлығым! Мені алақанында аялап ұстайтын, еркелігімді көтеретін, қолдаушым, қорғаным -жарыма алғыс! Екі ақылды әрі тәтті қыздарымыз бар! Мен бақытты жанмын! Аллаға шүкір, тәуба", - деген жазба қалдырды өнер иесі.
Аша Матайдың бұл жазбасынан кейін бірқатар жұлдызды достары мен жақындары пікір қалдырып, оған ақ тілегін жолдады. Олардың арасында актрисаның жолдасы Арман Қоңырбаев та бар.
"Қабырғам менің! Алла ұзақ, хайырлы өмір берсін", - деген қысқаша жазба қалдырды ол.
Ақпарат KAZ.NUR.KZ сайтынан алынды