Қанат Айтбаев Лара Фабианның концертінен кейін Димашпен түскен суретін көрсетті

Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің әкесі Қанат Айтбаев Лондонда өткен Лара Фабианның концертінен кейін екі ұлымен түскен суретін әлеуметтік желіде жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Суретте Қанат Айтбаев Димаш және Мансұр есімді ұлдарымен бірге отыр. Үшеуі де камераға қарап, күлімсіреп отыр.
«Лондон. Лара Фабианның жеке концертінен кейінгі сурет», – деп жазылған фотосурет астында.
Желі қолданушылары Димаш пен Лара Фабианның бірлескен орындауына ерекше әсерленгендерін жеткізді.
«Керемет әдемі өнер көрсетті! Дауыстары ғажап! Дуэт тамаша шықты! Димаш — керемет! Браво! Сөз жоқ!», «Үшеуін бірге көрген қандай керемет! Аргентинадан сәлем!», «Үшеуі де өте жақсы көрінеді! Құттықтаймын! Суретпен бөліскеніңізге рахмет», «Қандай әдемі сурет! Екі талантты, тамаша ұлдың мақтан тұтар әкесі», «Таңғажайып әсер қалдырды! Бұл керемет болды! Лараны Димаштың Нью-Йорктегі концертіне де шақырса екен» — деп жазды желідегілер.
Соңғы жаңалықтар





