«Қандай тәрбие, қандай мейірім!»: Жігер Ауыпбаев інісіне жаңа көлік сыйлады

«Қандай тәрбие, қандай мейірім!»: Жігер Ауыпбаев інісіне жаңа көлік сыйлады
Видеодан скриншот

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев туған інісіне автосалоннан су жаңа көліктің кілтін табыстады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында бөлісті.

«Біз алты ағайындымыз. 
Төрт қыз, екі ұл.
Сол жан дегенде жалғыз інім Алмастың туған күніне кішігірім сыйлық жасаған едім.
Інім, 100 жаса! Салихалы ұрпақтарың көп болсын», – деп жазды өнер иесі.

Желі қолданушылары әншінің бұл әрекетіне тәнті болып, жылы пікірлер қалдырды.

«Қандай тәрбие, қандай мейірім!»,
«Бауырлар осылай бір-біріне көңіл бөліп жүрсе, бауыр ең керемет жан ғой»,
«Құтты, берекелі көлік болсын!»,– деп жазды оқырмандар.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу