Қаңтарда билік орнынан кеткен жағдайда, біз қазір ислам халифатында отыруымыз мүмкін еді – Бәпи

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпи «Qasqa Jol» арнасына берген сұхбатында қаңтар оқиғасы туралы айтты.
«Ескі Қазақстан қаңтардан бері белгілі ғой. Қаңтар оқиғасының негізгі бенефистері ескі Қазақстан екені дәлелденген. Оған нақты бір саяси баға берілген жоқ. Алдағы уақыттарда, жиырма тоғызыншы жылдарға дейін бағасы беріледі деп ойлаймын. Қаңтарды ұйымдастырған қоғам емес, халық емес, газ елу деген негізде көтерілген тақырып қой. Оны тудырған – ескі биліктің төңірегіндегі жандайшаптар. Ислам радикалдары бар. Егер де сол қаңтарда қоғам, билік орнынан кеткен жағдайда, бәлкім, біз қазір ислам халифатында отыруымыз мүмкін еді. Ондай да болжамдар, сараптамалық анализдер бар ғой», - деді ол.
Мәжіліс депутаты ескі Қазақстан мен жаңа биліктің арасында тартыс әлі де бар екенін айтты.
«Ескі Қазақстанда кеткеннің бәрі шал емес қой. Ішінде тепсе темір үзетін жастар да бар. Мысалы, Бәйбек. Одан басқа да астаудан қағылған ескі Қазақстанның талай өкілі бар. Лауазымнан қағылған бәрінің ішінде зығырданы, ашуы бар ғой. Олар әлі де өздерінің өтелмеген парызы бар деп есептеуі мүмкін. Былай болса, біздікі мынадай болар еді деген сияқты ішкі ойы болуы ықтимал, өзінен өзі қорытылып, әлдебір әрекетке бастайтын жағдай тууы мүмкін ғой. Осы тұрғыда әрине, тартыс бар деп ойлаймын.
Соңғы жаңалықтар





