Қара бетперде киген жұмбақ жігіт бүкіл отбасынан айырылған жетім балаға үй сыйлады
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт бүкіл отбасынан айырылған жетім балаға үй сыйлады.
"Менің есімім - Станислав, мен 16 жастамын. 4 күн бұрын менің отбасым - әкем, бір әпкем, екі қарындасым және інім өрт салдарынан қайтыс болды. Өрт кезінде мен қалада жатақханада болдым. Өрт себебі әзірге белгісіз. Әкем 40 жаста, үлкен әпкем 18 жаста, қарындасым 13 жаста, інім 10 жаста және ең кіші қарындасым 7 жаста болды. 7 жыл бұрын анам қайтыс болды. Көзіммен проблема бар: -4. Бауырларымды қалаға оқуға алып кетуді армандайтынмын. Енді ондай мүмкіндік жоқ. Өзімді жалғыз сезінемін. Ары қарай не істерімді білмеймін", - дейді жігіт видеода.
Қара бетперде киген жұмбақ жігіт оған баспана сыйлады.
"Білім алу үшін қажетті шығындарды уайымдамасаң болады. Сен ем аласың. Сондай-ақ сен баспана иесі болдың", - дейді ол.
Ақпарат Massaget.kz тілшісінен алынды.