Қарағандыда ер адам балалар алаңында баланы тұншықтырған (ВИДЕО)

13.04.2026 13:41 Әсел Мұрат
Қарағандыда ер адам балалар алаңында баланы тұншықтырған (ВИДЕО)
287
Фото: видеодан скрин

Қарағанды облысында 12 сәуір күні Трудовая көшесіндегі №27 үйдің ауласында балалар арасында жанжал туындап, оған кейін ересектер де араласқан, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиға барысында балалардың бірі ата-анасына хабарласып, оларды шақырған. Соның нәтижесінде ойын алаңындағы жағдай ушығып, кикілжің күшейе түскен.

Бұл жайттың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде кеңінен тарады. Видеодан көліктен түскен ер адам мен әйелдің балаларға қарай жақындағаны көрінеді. Әйел өз баласы көрсеткен жасөспірімге барып, оған дауыс көтерген. Біраз уақыттан соң қасында болған ер адам әлгі балаға күш қолданып, салдарынан жасөспірім жерге құлап, біраз уақытқа дейін есін жия алмай қалған.

Аталған оқиға бойынша полицияға шағым түспеген.

Соған қарамастан, ведомство мәліметінше, полиция қызметкерлері оқиғаға қатысқан барлық тұлғаны анықтаған.

«Қатысушылар мән-жайды нақтылау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жан-жақты тексеру жүргізілуде. Құқық қорғау органдары жанжалдың себептері мен барлық жағдайларын анықтап жатыр», – делінген ресми хабарламада.

Сондай-ақ департамент өкілдері барлық қатысушылардың әрекеттеріне заң аясында құқықтық баға берілетінін атап өтті.

Полиция кез келген жанжал тек заң шеңберінде шешілуі тиіс екенін, ешкімнің күш қолдануға құқығы жоқ екенін ескертті.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий