«Қашан, қашан дейтін аналардың қатарынан емеспін»: Гүлнұр Мамасарипованың кеңесі

Танымал продюсер, көпшілікке "Келінжан" телехикаясымен танылған Гүлнұр Мамасарипова тұрмысқа шықпаған қыздарға кеңес берді. Бұл туралы продюсер журналист Жанар Байсемізге берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ
«Олай деп айтуға болмайды дейді ғой, бірақ мен «Қашан, қашан» дейтін аналардың қатарынан емеспін. Тіптен мен меңзеп, айналдырып айтатын адам емеспін.
Осындай сұхбаттарда айтамын, сұхбаттардан көріп, олар естіп, айтады бәрін. Бұрын айтатынмын, соңғы кезде тікелей айтпаймын. Жалпы қыздар, күйеуге тимей жүрген аналарға айтарым, жалпы әр қыз онсыз да бақытты болса екен. Егер ол болмай жатса, демек оның себеп-салдары болып тұр ғой.
Бізден бұрын, өзі соны қалап тұр ғой. Ол соған өзі де жеткісі келеді ғой. Өз-өзіне қастандық жасамайды ғой. Егер сол болмай жатса, демек оған бір нәрсе жетіспей тұр. Мен соны түсіндім», — деп жауап берді продюсер
Соңғы жаңалықтар





