“Қатты айғай естілді“: куәгер метродағы қайғылы жағдай туралы айтты
Алматы метросында қайғылы оқиға болды. Куәгер оқиға қалай болғанын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
"Абай" бекетіне бардық, бәрі әдеттегідей болды, адамдар кіріп-шығып жатты, бірақ есік жабылған кезде қатты ысқырықты, содан кейін ер адамның қатты айғайын естідім. Пойыздың қозғалысы тоқтап, біз пойызда тағы бірнеше минут отырдық. Есік ашылған кезде сыртқа шықтық, платформа мен вагон арасындағы адамды байқап қалдым", - деді алматылық.
Оның айтуынша, перронда тұрған адамдар ер адамды шығару үшін пойызды тербете бастаған. Бұл кезде полицейлер де жеткен.
Stan.kz сайтына сұхбат берген Әсия есімді қыз оқиғаны былай баяндайды.
"Шыны керек, әлі де бұдан есімді жия алмай, есеңгіреп қалдым. Біз метроға түсіп, пойыздар тоқтатылған сәтте көпшіліктің арасында қалдық. Ол жерде не болғанын білу үшін жақынырақ бардық. Бірақ бүкіл сұмдықды өз көзіммен көрдім. Жолаушылар пойызды шайқап, жігітті құтқаруға тырысты. Жігіттің қалай құлағанын көрмедім, бірақ біреулер оны байқамай итерген болуы мүмкін немесе өзі байқамай сол жаққа түсіп кеткен. Айтуларынша, алдымен оның аяғы қыстырылып қалған, содан кейін пойыз қозғалған кезде ол төменге құлап түсті. Жігітті шығарып алған кезде оның беті көгеріп кеткен. Бет-аузы қатты ісінген еді, бұл соққыдан болған сияқты... Оны басып қалған ба, жоқ па, нақты түсініксіз. Мүмкін, пойыздың астында қалғаннан немесе рельстерге құлағаннан болған шығар. Рельстерде электр кернеуі бары анық, бірақ нақты себебін сарапшылар анықтар", – деді Әсия.
Сондай-ақ пойыздан шыққан адамдарға оқиға орнынан кетуге кеңес берілген. Алматы тұрғыны сыртқа шыққан кезде жедел жәрдем мен полиция көлігін көргенін айтады.