"Қатындарынан аса алмайтын, ақылсыз "братан"-сымақтар көрсін": Танымал коуч Бадықова мен оның киносы туралы

21.10.2025 13:00
0
674
Instagram

Танымал психолог, коуч Шолпан Тоқтархан Дариға Бадықова мен оның "Ыстық ұя" фильмі туралы өз ойын ортаға салды.

Бұл туралы POLITICO.KZ  Caravan.kz медиа порталына сілтеме жасапхабарлайды.

Психолог өз ойын желідегі парақшасында білдірді.

«Бүгін АЗИЯПАРККЕ барсам көрші столикте көздері жылап жылап ісіп кеткен 3-4 әйел отыр… Таңданып қарадым да мән бермедім. Бір кезде парнтёрым Айман дочасымен келді, көздері жылап ісіп кетіпті.

-үй, не болды сендерге десем екеуі күліп жіберді.

Көрші столикте отырған әйелдің біреуі:

-біз барған ЫСТЫҚ ҰЯ дан шыққан шығар деді. 

-иәәә, Дариға Бадықованың киносына барып жылап шықтық деді.

-ааа, жақсы кино ма екен?

-иә, күшті кино екен деді Айман.

Күйбең тірлікпен жүріп ертіп үлгермей қалып жүрермін деп, ЫСТЫҚ ҰЯны көруге барсам маған (мүгедектерге) кіру тегін екен.и

ҚАЗАҚТЫ ТӘРБИЕГЕ ШАҚЫРАТЫН, ПАЙДАСЫ ОРАСАН ЗОР КИНО деп бағаладым.

Общым киноны қатындарынан аса алмайтын, туыстарымен араласпайтын,, ақылсыз «братан»-сымақтар көру керек.

Дариғаның орынында өзімді көрдім. 

Шынында да қыздардың 70-80% ы үйге тасып, әке-шешесіне тасып әлек болады. Ал шешелері 1-грамм толк жоқ болса да ұлдарына тықпалап нерв-қа тиеді. Неге олай екен?

Менің 2-3 танысым: түсініксіз быт-шыт кино деді.

Неге олай айтты екен деп ойлансам, ЫСТЫҚ ҰЯ-дағы жеңгелер екен ғой. Кино ұнамады дегендер тура сол рольдегі қатындар. Мен ондай қатындарды ХАВАЛКАЛАР деймін.

Кино ұнамады деген таныстарыма ерінбей смс жазып жібердім: ЫСТЫҚ ҰЯ саған неге ұнамағаны енді түсінікті болды, кинода дәл сендей персонаждың маскасын шешіп тастады ғой деп жазсам, ответ: -ауылбайыский вариант деп жазыпты.

Сол албастылар шөлки мен гөлпиді қала кеп ажыратқандарын ұмытып қалғандары жыныма тиеді.

Мен де жылап жылап қайттым. Үйге келе сап осы посты ішімде қайнап тұрғанда жазып тастайын деп..

Дариғаға үлкен рахмет. Қазақтың 40-жыл аузы бітпеген қотырына «бальзам» болды.

Көптеген жандардың саналары өзгереді деп сенемін.

Менің АДАСҚАН МАХАББАТ оқиғамды білесіздер, соның киносын Дариға күшті берер еді деп ойладым.

Үйткені «ҚЫЗДАРДЫҢ» жан жарасын, әйелдің күйігін жақсы жеткізді.

Сіздер ЫСТЫҚ ҰЯНЫ көрдіңіздер ме», — деп жазды ол.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий