«Қайрат» екінші жыл қатарынан футболдан  Қазақстан чемпионы атанды

«Қайрат» екінші жыл қатарынан футболдан  Қазақстан чемпионы атанды
26.10.2025 17:14
0
223

Бүгін алматылық команда «Астананы» қабылдап, 1:1 есебімен тең түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Алматыдағы Орталық стадионда өткен "Қайрат" пен "Астана" матчының соңғы 26-турында командалар чемпиондық титул үшін таласты. Алаң иелері чемпиондық атағын қорғау үшін жеңілмеуі тиіс еді. Матчта командалар 1:1 есебімен тең түсті.

Қонақтар 15-минутта хорватиялық вингер Марин Томасовтың соққан голының арқасында алға шықты. "Астана" капитаны албаниялық жартылай қорғаушы Назми Грипшидің пасынан кейін қақпашы Темірлан Анарбековтен айласын асырып, гол салды.

"Қайрат" үзілістен кейін таразы басын теңестіре алды. Голды 56-минутта Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев салды.

Тең түсу алматылықтарға 59 ұпаймен бірінші орында қалуға мүмкіндік берді. "Астана" 57 ұпаймен екінші орынды иеленді. Қостанайлық "Тобыл" 54 ұпаймен қола жүлдені еншіледі.

Осылайша "Қайрат" қатарынан екінші рет және өз тарихында бесінші рет футболдан Қазақстан чемпионы атанды. Алматылық клуб 2026/27 жылғы еурокубок маусымында УЕФА Чемпиондар лигасында тағы да бақ сынасады. 

 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий