Қазақ жігіті Лондондағы беделді ауданның мэрі атанды
Қазақстанда туған Санжар Әбішев Ұлыбританиядағы беделді аудандардың бірі Сент-Джеймс мэрі болып сайланды, деп хабарлайды Politico.kz.
Сайлау 7 мамыр күні өтіп, ол Ұлыбританияның Консервативтік партиясы атынан жеңіске жеткен. Бұл жаңалықты кәсіпкер Қанат Көпбаев әлеуметтік желіде бөлісті. Оның айтуынша, 33 жастағы Санжар Әбішев – кәсіпкер Азат Әбішевтің ұлы. Ол Ұлыбританиядағы беделді Malvern College оқу орнын және университетті тәмамдаған. Қазіргі таңда Westminster City Council құрамына кіріп, жергілікті басқару саласында қызмет атқарып жүр.
Санжар Әбішев саясатпен қатар маркетинг саласында да табысты еңбек еткен. Ол 2016 жылдан бері халықаралық брендтермен жұмыс істейтін Blue Swallow Group агенттігін дамытып келеді. Сонымен бірге әлеуметтік бастамаларды қолдайтын қайырымдылық қорын да құрған.
Бұған дейін ол Лондондағы Консервативтік партияның жергілікті бөлімшесін басқарған. Қоғамдық жұмыстарға белсенді араласып жүрген қазақстандық енді Сент-Джеймс ауданының мэрі қызметіне сайланып отыр.
Соңғы жаңалықтар