«Қазақмыс» басшысы Қарағанды облысындағы «Нұрқазған» кенішіне барды
«Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басқарма төрағасы Руслан Өскенәлі Қарағанды өндірістік алаңына жұмыс сапарымен барып, «Нұрқазған» кеніші мен байыту фабрикасының жұмысын тексерді, деп хабарлайды Politico.kz.
Сапар барысында басшылық жұмысшылардың еңбек жағдайы мен өнеркәсіптік қауіпсіздігін, сондай-ақ кен өндірудегі технологиялық шешімдерді қадағалап, жерасты жұмыстарының барысымен танысты. Компания басшысы қауіпсіздік пен өндіріс тиімділігіне тікелей әсер ететін жөндеу учаскесіне, тау-кен техникасының жұмысына және бұрғылау технологияларына ерекше назар аударды.
Бұдан кейін басқарма төрағасы байыту фабрикасындағы кен өңдеу тізбегін қарап, адами фактордың ықпалын азайтатын мониторинг жүйесінің жұмысын бағалады. Бұл басқару жүйесі өндіріс барысындағы ауытқуларды дер кезінде анықтап, технологиялық тәуекелдерді төмендетуге және жұмыс тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектеседі.
Жұмыс сапары аясында Руслан Өскенәлі жұмыскерлермен әңгімелесіп, еңбекті қорғау талаптарын қатаң сақтау және кәсіпорын жабдықтарының техникалық жай-күйін сақтау мәселелерін талқылады.
Последние новости