Қазақстан бензин бағасы арзан елдер қатарына енді

24.03.2026 18:00 Әсел Мұрат
Қазақстан бензин бағасы арзан елдер қатарына енді
215
Фото: ашық дереккөз

Қазақстан бензин бағасы ең арзан елдер тізімінде 9-орын алды, деп хабарлайды Politico.kz.

Жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстан бензин құны төмен мемлекеттердің қатарына енді. Елде бензиннің орташа бағасы бір литріне 0,509 долларды немесе шамамен 245,5 теңгені құрайды. Ал әлем бойынша орташа көрсеткіш 1,37 доллар (660,8 теңге) деңгейінде қалыптасқан.

Айта кету керек, рейтингте АИ-95 маркалы бензин бағасы негізге алынған. Алайда Қазақстандағы ірі жанармай құю бекеттерінің мәліметіне сүйенсек, бөлшек нарықтағы нақты баға жоғарырақ — шамамен 315–320 теңге аралығында.

Бензин бағасы Қазақстаннан да арзан елдер қатарында Ливия, Иран, Венесуэла, Ангола, Кувейт, Алжир, Түрікменстан және Мысыр бар.

Ал ең қымбат бензин Дания, Малави және Гонконг елдерінде тіркелген.

Сарапшылардың мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда Қазақстан рейтингте екі позицияға төмендеген. Бұл өзгеріске Түрікменстан мен Анголаның тізімге қосылуы әсер еткен.
 

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий