Қазақстан мектептерінде вирусқа байланысты шектеулер енгізу мүмкін

Қазақстан мектептерінде вирусқа байланысты шектеулер енгізу мүмкін
08.01.2025 14:18
0
185
NUR.KZ/Петр Карандашов
Метапневмовирусқа қатысты мектептердегі жағдай

Қазақстан мектептерінде метапневмовирусқа байланысты шектеулер енгізу мүмкіндігіне қатысты Білім министрі Ғани Бейсембаев түсініктеме берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"Еліміздің білім беру жүйесі кез келген сын-қатерлерге дайын екенін көрсетіп отыр. Бұл – пандемия кезіндегі жинақталған тәжірибе. Сондықтан барлық колледждер мен мектептер қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Бірақ бұл жағдайда Денсаулық сақтау министрлігінің шешімін күтуіміз керек. Егер шешім қабылданса, біз дайынбыз," – деді Бейсембаев үкімет отырысынан кейін.

Вице-премьер Тамара Дүйсенова өз кезегінде Денсаулық сақтау министрлігінің ВОЗ-ға сұрау жібергенін атап өтті.

"Олардың жауабында дүрбелең тудырудың қажеті жоқ делінген, өйткені бұл вирус ондаған жылдар бойы әлемнің көптеген елдерінде айналымда жүр. Алдын алу шараларын қолға алу маңызды. Бұл – қалыпты құбылыс. Біз бірге бұл кезеңнен өтуіміз керек," – деді Дүйсенова.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Президент метапневмовирусқа қатысты дүрбелең жасамауға шақырған болатын.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или