Қазақстан құрамасы Жасөспірімдер Азиадасын үздік үштікте аяқтады

31.10.2025 17:14 Нақыпбек Фатима
Қазақстан құрамасы Жасөспірімдер Азиадасын үздік үштікте аяқтады
263
Фото: Сали Сабиров, ҰОК

Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында Қазақстан құрамасы қай орынға ие болғаны анықталды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Отандастарымыз дүбірлі додада 24 алтын, 29 күміс, 40 қола медаль алды. Нәтижесінде қазақстандық спортшылар үздік үштікті түйіндеді. 
Азия ойындарында Қытай (63-49-35) көш басында тұрса,екінші орынға Өзбекстан құрамасы (37-16-28) жайғасты.
Алғашқы ондықта тұрған құрамалар:
1. Қытай - 63-49-35 (147);
2. Өзбекстан - 37-16-28 (81);
3. Қазақстан - 24-29-40 (93);
4. Иран - 22-18-36 (76);
5. Таиланд - 15-15-18 (48);
6. Үндістан - 13-18-17 (48);
7. Гонконг - 13-13-10 (36);
8. БАӘ - 12-9-10 (31);
9. Солтүстік Корея - 8-5-2 (15);
10. Қытайлық Тайбэй - 7-9-24 (40).
Жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары 22-30 қазан аралығында өткізілді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться



Войдите, чтобы оставить комментарий