Қазақстанда 15 облыста қар жауып, жолдарда қиындық туындауы мүмкін
828
"ҚазАвтоЖол" 15 облыста ауа райының нашарлауына байланысты ескерту жасады
"ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы Қазақстанның 15 облысында ауа райының нашарлауы туралы жүргізушілерге ескерту жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Павлодар, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында қарлы боран мен көктайғақ болуы мүмкін.
"Жолдағы қауіпсіздік ережелерін сақтап, ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз", – деп мәлімдеді ұлттық компания өкілдері.
Жүргізушілерге ауа райы туралы хабарламаларды қадағалап, ұзақ сапарларға шықпас бұрын көлік құралдарының техникалық жағдайын тексеруге кеңес беріледі.
Соңғы жаңалықтар
14.09.2026
23:42
«Қамқорлық жасайын десем де мүмкіндігім болмады...
14.09.2026
21:25
Шымкент әуежайында сөмкесінен оқ табылған әйелг...
14.09.2026
20:45
Асхат Асылбеков депутаттарға: Журналистің өткір...
14.09.2026
20:34
PSG Academy-ді елге әкеліп, дзюдоны дамытқан Ал...
14.09.2026
20:23
Отбасы өлді деп өртеп жіберген ер адам тірі бол...
14.09.2026
20:16
Алматыда полицейлер есірткіге тәуелді адамдарда...