Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі болды
134
Қазақстанда барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 29 қарашада өтеді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды Politico.kz.
Оның айтуынша, Орталық сайлау комиссиясы мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауын 2026 жылғы 29 қарашаға белгілеу туралы қаулы қабылдаған.
Сайлау кезінде ел бойынша 228 мәслихатқа 3447 депутат сайланады.
Атап айтқанда:
- 20 өңірлік мәслихатқа – 668 депутат;
- 38 қалалық мәслихатқа – 626 депутат;
- 170 аудандық мәслихатқа – 2153 депутат.
Мұхтар Ерманның айтуынша, мәслихат депутаттарын халық тікелей сайлайды. Дауыс беру жасырын түрде өтеді. Сайланған депутаттардың өкілеттік мерзімі – 5 жыл.
Еске салайық, 12 қазанда президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Құжатқа сәйкес, Орталық сайлау комиссиясына кезектен тыс сайлауды тағайындау, оған дайындық жүргізу және ұйымдастыру міндеті жүктелген.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.10.2026
17:50
Әнші Сәкен Майғазиевтің анасы дүниеден өтті
13.10.2026
17:28
Қазақстанда мәслихат сайлауы өтетін күн белгілі...
13.10.2026
17:18
Қазақстан экономикасы тоғыз айда 4,2 пайызға өсті
13.10.2026
17:13
«Қап-қап ақша»: Түркістандық әжейдің үйінде күт...
13.10.2026
17:02
Қазақстанда шошқа тұмауының 5 жағдайы тіркелді:...
13.10.2026
16:43
Әнипа Назарбаева ел алдындағы берешегін азайтты