Қазақстандық жас футболшы матчтан кейін көз жұмды

Қазақстандық жас футболшы матчтан кейін көз жұмды
16.10.2025 23:06
0
64

«Хан Тәңірі» клубының футболшысы Диас Төлеу Алматыда өткен матчтан кейін көз жұмды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

«Қайғыра хабарлаймыз, Қазақстанның Бірінші лигасында өнер көрсететін «Хан Тәңірі» футбол клубының ойыншысы Диас Төлеу өмірден өтті. Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) атынан марқұмның туыстары мен жақындарына, сондай-ақ командадағы серіктестеріне шын жүректен көңіл айтамыз. Бұл – бүкіл қазақстандық футбол үшін орны толмас қаза.

ҚФФ бас хатшысы Давид Лория мен кәсіби клубтар арасындағы жарыстарды өткізу дирекциясының басшысы Бақытжан Пазылқайыр болған жағдайдың барлық мән-жайын анықтау үшін жедел түрде Алматыға аттанды», – делінген ҚФФ хабарламасында.

Сондай-ақ жақын уақытта уәкілетті органдармен бірлесіп, бұл оқиғаны ресми тергеу үшін арнайы комиссия құрылатыны атап өтілді.

«Федерация бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушыларын расталмаған ақпарат пен қауесет таратпауға, қаза болған ойыншы мен оның отбасына құрметпен қарауға шақырады. Қажетті рәсімдер аяқталған соң қосымша ақпарат беріледі», – деп толықтырды ҚФФ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий