Қазақстандықтар қазан айында қатарынан үш күн демалады

Қазақстандықтар қазан айында қатарынан үш күн демалады
21.10.2025 09:26
0
101
фото: ашық дереккөз

Республика күніне орай қазақстандықтар 3 күн демалады, деп хабарлайды POLITICO.KZ Tengri Life-ке сілтеме жасап.

Еліміздегі маңызды мемлекеттік мерекелердің бірі - Республика күніне орай келер аптада қазақстандықтар қосымша демалыс алады. 2025 жылдың қазан айындағы демалыс күндерінің кестесі жұмыс режиміне байланысты әртүрлі болмақ.

Бес күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндерге:

Биыл 25 қазан – Республика күні сенбіге түсіп тұр. "Мерекелер туралы" заңға сәйкес, мереке күні демалысқа сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге, яғни 27 қазанға ауыстырылады.

Сол себепті, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін азаматтар үш күн қатарынан демалады:

  • 25 қазан – сенбі, мерекелік демалыс күні.
  • 26 қазан – жексенбі, әдеттегі демалыс күні.
  • 27 қазан – дүйсенбі, демалыс күнінің ауысуы.

Нәтижесінде, үш күн қатарынан демалыс және қысқа жұмыс аптасы күтіледі. Жалпы қазан айында бес күндік кесте бойынша 9 демалыс және 22 жұмыс күні бар.

Алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндерге:

Алты күн жұмыс істейтін қызметкерлер үшін ұзақ демалыс болмайды. Олардың демалыс кестесі төмендегідей:

  • 25 қазан – сенбі, мерекелік демалыс.
  • 26 қазан – жексенбі, әдеттегі демалыс.
  • 27 қазан – дүйсенбі, жұмыс күні.

Осылайша, алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер қазан айында 5 демалыс және 26 жұмыс күнін өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, 25 қазан – Қазақстанның басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Бұл күн 1990 жылы 25 қазанда Қазақ КСР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларациясының қабылдануын білдіреді. Бұл 1991 жылы 16 желтоқсанда ресми түрде жарияланған ел Тәуелсіздігіне жасалған негізгі қадамдардың бірі болды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий