Қазақстаннан кеткен Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшуінің шын себебін айтты

06.08.2026 22:08 Қарақат АСЫЛОВА
Қазақстаннан кеткен Нұртас Адамбай АҚШ-қа көшуінің шын себебін айтты
458
Ашық дереккөз

Белгілі қазақстандық режиссер, актер әрі продюсер Нұртас Адамбай АҚШ-қа қоныс аударуына қатысты алғаш рет жан-жақты пікір білдірді, деп хабарлайды Politico.kz.

Ол сұхбат барысында Голливудта жұмыс істеу бала күнгі арманы болғанын айтып, бастапқыда Америкаға уақытша ғана баруды жоспарлағанын жеткізді. Алайда уақыт өте келе бұл сапар отбасымен бірге ұзақ мерзімге қалу туралы шешімге ұласқан.

Режиссердің айтуынша, бүгінде ол АҚШ-та кино өндірісіндегі жаңа технологияларды меңгеріп, жасанды интеллектінің көмегімен фильм түсіру бағытында жұмыс істеп жүр.

Сұхбат барысында Нұртас Адамбайдың шетелге көшуіне байланысты қоғамда айтылған пікірлер де сөз болды. Ол бұрын дәстүрлі құндылықтарды қолдап сөйлеп, кейін АҚШ-қа қоныс аударуына қатысты сынға жауап берді.

Адамбай мұнда ешқандай қайшылық көрмейтінін айтып, әр адамның өз таңдауын жасауға құқығы бар екенін жеткізді. Оның сөзінше, АҚШ-та өмір сүріп жүрген уақытта өзі бұрын сын айтқан құбылыстарды күнделікті өмірде кездестірмеген.

Войдите, чтобы оставить комментарий