Қазақстанның әлеуметтік саяси даму жолындағы кедергілер
Қазақстанның әлеуметтік саясатының қалыптасуы мен дамуында көптеген өзгерістер мен қиындықтар орын алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Әсіресе, иждивеншілікке қарсы күрес, өзін-өзі жұмыспен қамту мәселелері және әлеуметтік қорғау жүйесінің тұрақтылығы басты назарда болды.
Саясаттанушы Данияр Әшімбаев әлеуметтік көмек жүйесінің эволюциясы мен проблемаларын талдап, әлеуметтік мемлекет қалыптастыру жолындағы негізгі қиындықтарды атап өтті. Оның айтуынша, елдегі әлеуметтік саясат 2001 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) енгізуден бастау алған. Кейін 2005 жылы көпбалалы отбасыларға арналған мемлекеттік жәрдемақылар жүйесі пайда болды.
2007-2008 жылдардағы дағдарыстан кейін әлеуметтік төлемдердің ұлғаюы байқалды. Алайда, бұл төлемдердің өсуімен бірге иждивеншілік мәселесі туындады. 2011 жылы сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаев жастар арасындағы иждивеншілік тәуекелдерін атап өтіп, бұл проблеманы еңсеру керектігін айтты.
Иждивеншілікке қарсы күрес:
Иждивеншілікпен күресу мақсатында 2010 жылы біріңғай жиынтық төлем (БЖТ) енгізілді. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды тіркеуді жеңілдетуге бағытталған. Бірақ, бұл механизм 2022 жылы алынып тасталды, ал оны алмастыру бойынша нақты шешім әлі қабылданған жоқ.
Жұмыспен қамту бағдарламалары:
2011 жылы "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы басталып, кейін оны "Жұмыспен қамту жол картасы" ауыстырды. Бұл бағдарламалардың мақсаты – халықты еңбекпен қамту деңгейін арттыру еді. Бірақ, статистикалық деректер жаңа жұмыс орындарының көбісі уақытша және кейде фиктивті екенін көрсетті.
Цифрландыру және махинациялар:
2019 жылы Бердібек Сапарбаев АӘК алудағы алаяқтыққа қарсы белсенді күрес жүргізді. Алайда, пандемия кезінде әлеуметтік төлемдер көбейгенімен, заңсыздықтармен күресу қиынға соқты. Қазіргі таңда бұл мәселелер цифрландыру арқылы шешілмек, бірақ айтарлықтай нәтиже жоқ.
Данияр Әшімбаевтың айтуынша, әлеуметтік саясаттың ең үлкен мәселесі – мәліметтердің нақтылығы мен тиімділігінің төмендігі.
"Жұмыссыздықты азайту және халықты еңбекке ынталандыруда нақты реформалар қажет", – дейді сарапшы.