Қазақстанның халық әртісі дүниеден өтті
2382
79 жасында Қазақстанның халық әртісі, көрнекті өнер қайраткері Рихангүл Махпирова өмірден өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Оның шығармашылық жолы Құдыс Қожамияров атындағы республикалық мемлекеттік академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрында 1977 жылы басталған. Көп жылдық еңбегі барысында ол қазақ театр өнерінің алтын қорына енген сан алуан көркем, айшықты және есте қаларлық бейнелерді жасады.
Мәдениет саласына сіңірген зор еңбегі үшін Рихангүл Махпирова Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі және Қазақстанның халық әртісі атақтарымен марапатталған.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі марқұмның отбасы мен жақындарына, өнерсүйер қауымға қайғыра көңіл айтады.
Ел танымал өнер қайраткерінен айырылды. Марқұмның жарқын бейнесі жүректерде мәңгі сақталады, - делінген ведомство ақпаратында.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
12.10.2026
12:46
«Мойыл көз момын көріктім». Тоқтар Серіков жары...
12.10.2026
12:38
«Кенесары ханның бас сүйегінен шарап ішеміз» де...
12.10.2026
12:09
Қайрат Нұртастың концертінен соң тағы бір адам ...
12.10.2026
11:47
Қазақстан мыс кенін көп өндіреді, бірақ өңдеуге...
12.10.2026
11:40
Астанада үш баланың өмірін қиған өрттің себебі ...
12.10.2026
11:24
Қазақстан әлемдегі ең ықпалды 35 мемлекеттің қа...