Қазақстанның Халық әртісі өмірден өтті

10.03.2026 14:12 Мөлдір Талғат
Қазақстанның Халық әртісі өмірден өтті
202
Фото: Pexels

Қазақстанның Халық әртісі, «Құрмет» орденінің иегері және Солтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы Людмила Николаевна Турпаян-Ванюкова дүниеден озды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы хабарды Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі растады.

Министрлік мәліметінше, Людмила Турпаян-Ванюкова бүкіл ғұмырын театр өнері мен ұлттық мәдениетті дамытуға арнаған. Шығармашылық жолында ол сахнада 150-ден астам рөл сомдап, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

«Людмила Николаевна өмірін театр мен отандық мәдениетке арнады. Оның таланты, өнерге адалдығы және жоғары кәсіби деңгейі Қазақстан театр өнерінің дамуына үлкен үлес қосты. Ол көрермендердің шынайы сүйіспеншілігіне ие болып, әріптестері арасында үлкен құрметке бөленді», – делінген министрлік хабарламасында.

Министрлік марқұмның шәкірттері, әріптестері мен өнерсүйер қауым оның жарқын бейнесін мәңгі есте сақтайтынын атап өтіп, туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий