Қазақтелеком басшылары байланысшылардың жерасты және биіктіктегі жұмысын өз көзімен көрді
Қазақтелеком АҚ басшылары телекоммуникация инфрақұрылымы нысандарына арнайы барып, мамандардың жерасты кабель кәріздері мен биіктіктегі қауіпті аймақтарда қалай жұмыс істейтінін тікелей бақылады, деп хабарлайды Politico.kz.
Компанияның бас әкімшілік директоры Ержан Мейрамов пен Сервистік фабриканың бас директоры Айтолды Рақымұлы қатысқан бұл көшпелі тексеріс жапондық гемба форматында өтті. Мұндай тәсіл басшыларға кабинетте отырып есеп тыңдамай, тікелей өндіріс басына баруға, жұмысшылардың шынайы еңбек жағдайымен танысып, процестерді жақсарту жөніндегі олардың ұсыныстарын нақты орында тыңдауға мүмкіндік береді.
Тексеріс барысында басты назар өндірістік қауіпсіздікке аударылып, қызметкерлердің жеке қорғаныс құралдары мен сақтандыру жүйелерін қаншалықты дұрыс пайдаланатыны пысықталды. Осындай ашық диалог пен бақылау басшылыққа бөлімшелердің жұмыс ерекшелігін тереңірек түсінуге және қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған шешімдерді шұғыл қабылдауға жол ашады.
«Гемба өндірістік процестердің тиімділігін арттырып, ашық байланыс мәдениетін дамытуға көмектесетін маңызды құрал саналады. Нысандарға тікелей шығу мамандардың еңбек жағдайын өз көзімізбен көруге және өзекті мәселелерді талқылап, оларды шешу жолдарын анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету компанияның басты басымдығы болып қала береді», – деді Сервистік фабриканың бас директоры Айтолды Рақымұлы.
Соңғы жаңалықтар