Қоғам белсендісі «Парасат» орденін алғандарға қатысты ащы шындықты айтты
Қоғам белсендісі Нұргүл Әбілдина әлеуметтік желіде мемлекеттік марапаттарға қатысты өз көзқарасын білдіріп, қоғамда талқылау туғызды, деп хабарлайды Politico.kz.
Ол жуырда «Парасат» орденімен марапатталған шенеуніктерге қатысты күмәнін жеткізіп, мұндай атаққа лайық болу үшін нақты нәтижелер қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар белсенді орден атауына да қатысты ұсынысын айтты.
«Парасат» деген сөзді қимаймын, құттықтау сөздің орнына. «ПАРАСАТ» орденімен марапатталатындай не бітірді? Министр қызметінде жұмыс істеп жүргеніне жарты жыл да болған жоқ. Қандай жетістікке қол жеткізді, қандай нәтиже көрсетті? Күнде басы бар аяғы жоқ бір жаңалық енгізеді, жұмысында жүйе жоқ, перспективасы бұлыңғыр, республика педагогтерін әбден шатастырып, адастырып, миларын ашытып бітті.Билікке қай мінезімен жақты? Жоғары жақтың тапсырмасын «үздік» орындайды», – деп жазды ол.
Белсенді бұл пікіріне қарсы шыққан желі қолданушыларына да жауап берді.
«Менікі көреалмаушылық деп жазатын комментаторларға айтарым: орденді алса ала берсін, оған лайық емес екендігін өзі де іштей сезетін шығар? Мансапқор, билікқұмар пенденің арманы орындалды. Мәселе орденде, марапатта емес… Ондайлардың талайын көргенбіз, кейбіреулері коррупционер атанып, темір тордың ар жағынан бір-ақ шықты. PS: «Парасат» деген сөзді қимаймын. Бұл орденді басқаша атаса, болмай ма?», – деді Әбілдина.
Желіде бұл жазбаға қатысты пікірлер екіге жарылды: бірі белсендіні қолдаса, енді бірі оның сөзін тым қатаң деп бағалауда.
Соңғы жаңалықтар