Қостанайда 13 жасар қызды зорлаған ер адам сотталды

Қостанайда 13 жасар қызды зорлаған ер адам сотталды
pixabay

Лисаковск тұрғыны кәмелетке толмаған қыз баланы зорлағаны үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ Tobol.info-ға сілтеме жасап.

Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты айыптау үкімін шығарған. Іс жабық режимде қаралғандықтан, оның егжей-тегжейі жарияланбайды.

«Сот Лисаковск тұрғынын ҚР ҚК 121-бабының 4-бөлігі («Сексуалдық сипаттағы күш қолдану әрекеттері») бойынша 13 жастағы қызға қатысты жасаған қылмысы үшін өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесті», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, оқиға 2025 жылдың наурызында болды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу