Қостанайда білім бөлімінің басшысы екі айға қамауға алынды

03.06.2026 21:22 Қарақат АСЫЛОВА
Қостанайда білім бөлімінің басшысы екі айға қамауға алынды
239
Білім басшысы бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

Қостанай қалалық білім бөлімінің басшысы Гүлсім Оразбаева бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Politico.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтемемен.

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, 2026 жылғы 2 маусымда Қостанай қаласының тергеу соты күдіктіге қатысты екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялаған.

Еске салайық, бұған дейін Гүлсім Оразбаеваның ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Тергеу нұсқасына сәйкес, қалалық білім бөлімінің лауазымды тұлғалары басқа адамдармен бірге әрекет етіп, мектептерге бөлінген бюджет қаражатын жымқырған.

Күдіктіге Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі («Алаяқтық») бойынша айып тағылып отыр.

Тергеу барысында күдіктілердің жұмыс орындары мен тұрғылықты мекенжайларында тінту жүргізілген. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

Прокуратура өкілдері Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайтынын мәлімдеді.

Войдите, чтобы оставить комментарий