Сәтбаевта стадионды тас-талқан еткен балалар табылды (ВИДЕО)
Балалардың ата-аналары шығынды өтейді
Ұлытау облысының Сәтбаев қаласындағы «Юность» стадионында орындықтарды қиратып, мүлікке зиян келтірген балалар анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде бірнеше баланың стадиондағы орындықтарды сындырып жатқан видеосы тараған болатын. Осы оқиғаға байланысты Ұлытау облыстық полиция департаменті вандализм фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Тәртіп сақшылары құқық бұзушылыққа қатысы бар екі баланы тауып, олардың ата-аналарының қатысуымен профилактикалық әңгіме жүргізді.
Полиция мәліметінше, балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін ата-аналарға қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сонымен қатар олар келтірілген материалдық шығынды өтеуге міндеттеледі.
Құқық қорғау органдары ата-аналарды жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақытын бақылауға және қоғамдық тәртіпті сақтауға шақырды.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
23:09
Ресейде қазақстандық автобус жүргізушісі ұсталды
16.10.2026
22:00
Іш киімін шешіп, балалар арбасына дәрет сындырм...
16.10.2026
21:48
Қызылордада көлік қағып, қаза тапқан 5 айлық сә...
16.10.2026
21:10
Резонансты іс қайта қаралды: Алматының бұрынғы ...
16.10.2026
20:34
Қазақстанда 2027 жылға діни мерекелердің күнтіз...
16.10.2026
19:59
Қазақстан Орталық Азиядағы әуе тасымалы нарығын...