ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысындағы перзентханаға тексеріс бастады

20.02.2026 21:24 Қарақат АСЫЛОВА
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Жамбыл облысындағы перзентханаға тексеріс бастады
40
Ашық дереккөздерден
Жамбыл облысында ана өлімінен кейін медиктердің әрекетіне құқықтық баға берілмек

Жамбыл облысында босанған әйелдің қайтыс болуына байланысты Денсаулық сақтау министрлігі арнайы тексеріс жүргізуді бастады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ведомствоның мәліметінше, медициналық қызметкерлердің барлық кезеңдегі әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Тексеру аяқталған соң материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін тиісті органдарға жолданады.

Марқұмның туыстары қайғылы жағдайға дәрігерлердің әрекеті себеп болуы мүмкін деп есептейді. Олардың айтуынша, әйел жүктілік кезінде есепке уақытылы алынбаған, ал босанғаннан кейін сепсис анықталған. Жақындарының сөзінше, инфекция медициналық мекемеде жұққан болуы ықтимал.

Марқұмның әпкесі Айнұр Тоғызованың айтуынша, науқасқа жатырын алу операциясы туыстарына ескертусіз жасалған. Одан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, үш апта бойы жансақтау бөлімінде өмір үшін күрескен.Ал медициналық мекеме өкілдері туыстардың айыптауларын растамағанымен, әзірге ресми түсініктеме бермеген.

Қайғылы оқиғадан кейін екі бала анасыз қалды – жаңа туған сәби мен бес жастағы бүлдіршін. Марқұмның отбасы істің жан-жақты тергелуін және кінәлілердің жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр.

Қазіргі таңда тексеріс жалғасуда. Оның нәтижесі бойынша құқық қорғау органдары тиісті шешім қабылдайды.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий