«Құдағилар салқын»: Димаштың қарындасы Раушанның сырға салуынан видео пайда болды

Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайбергенге сырға салу сәті түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Кадрларда Раушанның анасы, белгілі өнер қайраткері Светлана Айтбаева қонақтарды күлімсіреп қарсы алып тұрғаны көрінеді. Қолдарына гүл шоқтарын ұстаған құдағилар Светланамен жылы амандасып, төрге бет алады.
Видео соңында Димаштың үйіндегі үлкен әжелер де көрініс береді. Желі қолданушылары Раушанды текті жердің қызы деп, құдаларға ерекше бақыт бұйырғанын атап өтті. Алайда кейбір оқырмандар үлкен құдағилардың салқын жүзді екенін байқап, түрлі пікір қалдырған.
«Неге бәрі тым ресми отыр?», «Шынымен де тырысып отырғаны несі?», «Текті жерден қыз алып жатырсыздар, шаттаныңыздар!», «Құдағилар сәл салқын көрінеді», «Үлкен кісілер екен, өздерін ұстап отыр ғой сөкпейік», – деп жазған олар.
Соңғы жаңалықтар




