Құдайдан "ұлымды менен бұрын ал" деп тілеймін - ауытқуы бар баланың анасы

Ақыл-есі ауытқыған балалардың ата-анасына өмір бойы жәрдемақы тағайындалуы тиіс. Сонымен қатар, оларды күтушілер инватаксимен қамтамасыз етілуі қажет.
Бүгін Парламент депутаттары Үкіметке осы мәселе бойынша сауал жолдап, оның назардан тыс қалмауын сұрады.
Себебі психикалық ауытқуы бар баланы ата-ана бір сәтке де қараусыз қалдыра алмайды, сондықтан жұмыс істеу мүмкіндігі шектеледі. Әсіресе, тұрмысы төмен және шалғай ауылдарда тұратын отбасылар үшін бұл жағдай тіптен күрделі.
Бұл бастамаға күтушілер де үн қосып, өз талаптарын жеткізді.
Ең бастысы – жәрдемақыны көбейтіп, күтім өтілін еңбек өтілі ретінде есептесе. Сондай-ақ, зейнетке 55 жаста шығу мүмкіндігін қарастырса дейміз. Біз бәрібір тұрақты жұмыс істей алмаймыз, қосымша табыс көзін іздеуге мәжбүрміз. Одан бөлек, баспана мәселесі де өзекті. Барлығын шешуге болады деп ойлаймыз. Біз Ақорданың алдына барып, наразылық білдіруге уақытымыз жоқ. Балам қасымда болғанда қосымша жұмыс істеймін, ал ол ауырса, үйде қалуға тура келеді, – дейді баланың анасы Гүлден Кашофора.
Соңғы жаңалықтар





