Құралай Нұрқаділова: Ішімде тұншыққан шындықты айтатын уақыт келді

Құралай Нұрқаділова: Ішімде тұншыққан шындықты айтатын уақыт келді
24.04.2025 17:36
0
43
Фото: әлеуметтік желі

Белгілі саясаткер, марқұм Заманбек Нұрқаділовтің қызы, танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жан тебірентерлік жазба жариялап, анасы туралы бейнеролик түсіргенін хабарлады. Айтуынша, бұл видео оның жеке өміріндегі ұзақ жылдар бойы жиналған сыр мен шындықты ашуға бағытталған, деп хабарлайды POLITICO.KZ

«Мен бұл видеоны жасап отырып, жылап шықтым. Бұл жеке өмірім, саясатқа еш қатысы жоқ. Сіздер мені түсінеді деп үміттенемін», – деді ол жазбасында.

Құралай Нұрқаділованың айтуынша, бейнероликте бұрын-соңды айтылмаған жайттар бар. Тіпті бұл оқиғалардан жақын туыстары да хабарсыз болғанын жеткізді.

«Кейбір жағдайлар шындықтың толық ашылуына мүмкіндік бермейді. Анам да ақиқатқа толық жете алмай, сол шындықты ішінде сақтаған күйі өмірден өтті», – деп жазды ол.

Сондай-ақ дизайнер анасының өліміне қатысты тарап кеткен алып-қашпа әңгімелерге тоқталып, бұл жайтты бұрын тек отбасының жеке мәселесі ретінде қабылдағанын, алайда қазір қоғаммен бөлісетін сәт келгенін жеткізді.

«Ақыры менің ішкі жан дүнием жарылып, осы жылдар бойы сезініп келген шынайы ойларым мен жан жарамды көрсеткім келді. Дайын, жылтырап тұрған табысты өмірді емес, сол табыстың ар жағында не тұрғанын ашып айтқым келді», – деді Құралай Нұрқаділова.

Ол бейнежазба арқылы өзінің анасына деген сағынышын, жан күйзелісін және отбасымен бірге өткерген ауыр кезеңдерді ашық жеткізуді мақсат еткенін атап өтті.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий