Құрылтайдағы бос орынның иесі белгілі болды: Савельеваның орнына депутаттыққа кім келеді?

Құрылтайдағы бос орынның иесі белгілі болды: Савельеваның орнына депутаттыққа кім келеді?
Фото: ашық дереккөз

«Әділет» партиясы Құрылтай депутатының бос мандатына Гүлнар Тойлыбаеваның кандидатурасын ұсынды. Бұл туралы партия Саяси кеңесі Бюросының шешімінде айтылған, деп хабарлайды Politico.kz.

Бос мандат Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты пайда болған.

Гүлнар Тойлыбаева мемлекеттік органдар мен партия құрылымдарында көп жыл еңбек еткен. Әр жылдары облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған.

Қазіргі уақытта ол Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарып келеді.

Партия Саяси кеңесі Бюросының тиісті қаулысы Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясына жолданды. 

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу