Құрылтайға жаңа депутат келді: Ол кім?

Құрылтайға жаңа депутат келді: Ол кім?
Фото: ОСК

Қазақстан Құрылтайындағы бос орынға жаңа депутат келді. Бұған дейін Татьяна Савельева иеленген мандат «Әділет» партиясының өкілі Гүлнар Тойлыбаеваға берілді, деп хабарлайды Politico.kz.

20 қазанда Орталық сайлау комиссиясы Гүлнар Тойлыбаеваны Құрылтай депутаты ретінде ресми тіркеді. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров оған депутаттық куәлігі мен төсбелгісін табыстады.

ОСК мәліметінше, бұған дейін «Әділет» партиясы босаған депутаттық мандатты партиялық тізімге енген Гүлнар Тойлыбаеваға беру туралы шешім қабылдаған.

Нұрлан Әбдіров заң бойынша Құрылтай депутатының өкілеттігі Орталық сайлау комиссиясында тіркелген сәттен басталатынын еске салды.

Гүлнар Тойлыбаева кім?

Жаңа депутат бұған дейін облыстық мәслихаттың хатшысы және төрағасы қызметтерін атқарған. Ал Құрылтайға келгенге дейін Жетісу облысы әкімінің кеңесшісі болып жұмыс істеген.

Еске салайық, Құрылтайдағы бұл орын Татьяна Савельеваның депутаттық өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылғаннан кейін босаған еді. Кейін Савельева Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу