Қытай АҚШ-ты Украинадағы қақтығысты өз мүддесіне пайдалануға тырысуда деп айыптады

Қытай АҚШ-ты Украинадағы қақтығысты өз мүддесіне пайдалануға тырысуда деп айыптады, деп хабарлайды POLITICO.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап.
China Daily басылымының жазуынша, Вашингтон Украинадағы қақтығысты өз мүддесі үшін барынша пайдалануға тырысуда. Қытайлық БАҚ АҚШ билігі бейбітшілікке шақырғанымен, бұл олардың шынайы мақсаты емес деп есептейді.
Басылым авторларының пікірінше, АҚШ президенті Дональд Трамптың Украина мен Газа секторындағы қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған әрекеттері шынайы бейбітшілікке ұмтылыс емес.
"Бейбітшілікке ұмтылу – бұл АҚШ президенті мен оның серіктестері үшін өз мүдделерін жүзеге асыру құралы ғана. Қажет болған жағдайда олар бұл мәселені өздерінің қарсыластарына қысым жасау үшін қолданады", – деп жазады China Daily.
АҚШ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша Вашингтон Киевті 30 күндік атысты тоқтатуға шақырды. Украина бұл ұсынысты қабылдауға дайын екенін мәлімдеді, әрі тараптар келіскен жағдайда мерзім ұзартылуы мүмкін. Сонымен қатар, АҚШ Украинамен барлау деректерімен алмасуды қайта бастайтынын және әскери көмекті жалғастыратынын мәлімдеді.
АҚШ президенті Дональд Трамп Киевтің толық атысты тоқтатуға дайын екенін атап өтті және енді Вашингтон Мәскеудің жауабын күтуде.
Өз кезегінде РФ Федерация кеңесі төрағасының орынбасары Константин Косачев Сауд Арабиясындағы келіссөздерге түсініктеме бере отырып, Украина бойынша кез келген келісімдер Мәскеудің шарттарымен жасалатынын, ал нақты шешімдер соғыс алаңында қабылданатынын және АҚШ бұл шындықты түсінуі керек екенін айтты.
Соңғы жаңалықтар





