Ресейде қазақстандық қар көшкінінің астында мерт болды

29.04.2026 12:09 Арман Ермеков
Ресейде қазақстандық қар көшкінінің астында мерт болды
230
Ресейде Қазақстан азаматы көз жұмды. Фото: Бурятия Республикасының прокуратурасы

Ресейдің Бурятия аймағында қар басып қалған алты жұмысшының арасында Қазақстан азаматы бар екені анықталды, деп хабарлайды Politico.kz.

Сыртқы істер министрлігінің (СІМ) мәліметінше қайғылы оқиға Муй ауданындағы Ирокинда елді мекенінен 13 шақырым жерде болған. Ол жерде тоғыз адам технологиялық жолды қардан тазалап жатқан кезде кенеттен таудан қар көшкіні жүріп, алты жұмысшы үйінді астында қалып қойған, ал қалған үш адам сыртқа аман-есен шыға алды.

«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресей Федерациясының құзыретті органдарынан ү.ж. 28 сәуірде алынған ресми ақпаратқа сәйкес, қар көшкіні салдарынан Қазақстан Республикасының азаматы А.Тицкийдің (1990 жылы туған) қаза тапқанын растайды. Аталған мәселе Министрліктің бақылауында», — деп хабарлады СІМ.

Сонымен қатар СІМ Қазақстанның Ресейдегі Елшілігі болған оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Ресей Федерациясының құзыретті органдарымен тікелей байланыста екенін жеткізді.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий