Республика күніне орай 17 мың теңге беріледі

Республика күніне орай 17 мың теңге беріледі
21.10.2025 12:36
0
184
Фото: inbusiness.kz

Астанада Республика күніне орай 17 мың теңге төленеді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Астанада әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын тұрғындарға Республика күні қарсаңында бір реттік ақшалай көмек төленеді. Бұл туралы қала әкімдігінің Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Төлем Астана қаласы мәслихатының 2023 жылғы қазанда бекіткен әлеуметтік көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Құжатқа сай, мерекелік төлем жылына бір рет, бір ғана негіз бойынша ең жоғары мөлшерде тағайындалады және тек әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға беріледі.

«25 қазанға орай Астана қаласының атаулы әлеуметтік көмек алушыларына 4,5 айлық есептік көрсеткіш (17 694 теңге) мөлшерінде төлем жүргізіледі», - деп мәлімдеді басқармадан.

Төлем алушылардың тізімін басқарма 25 қазанға дейін АӘК алу үшін өтініш берген азаматтардың деректері негізінде қалыптастырады.

Айта кетейік, биыл Республика күніне орай қазақстандықтар үш күн демалады - 25, 26 және 27 қазан.

Республика күні 1995 жылы ұлттық мереке болып жарияланған, бірақ 2009 жылдан бастап аталып өтілмей келген еді. 2022 жылдың қыркүйегінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 25 қазанды қайтадан ұлттық мереке – Республика күні деп белгілейтін заңға қол қойды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий