Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда қыз көлігімен дүкеннің ішіне кіріп кетті

Рөлде келе жатқанда ұстамасы ұстаған: Алматыда қыз көлігімен дүкеннің ішіне кіріп кетті
Видеодан кадр

Алматы облысына қарасты Боралдай кентінде жеңіл көлік сауда залына кіріп кетіп, дүкен ішіндегі тауар сөрелерін қиратып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан дүкен ішіндегі сөрелердің астаң-кестеңі шығып, тауарлардың шашылып жатқанын көруге болады.

Куәгерлердің айтуынша, көлік тізгінінде болған қыз рөлде келе жатқанда өзіне ұстама болғанын жеткізген. Алайда оның нақты қандай ұстамаға ұшырағаны әзірге белгісіз.

Полиция аталған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, жүргізуші заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылып, оған қатысты хаттама толтырылған. Оқиғаның мән-жайы тексеру барысында анықталған.

Айта кетейік, жүргізушінің денсаулық жағдайы мен оқиғаның нақты себебі туралы қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу