Роналду – әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинаған әлемдегі алғашқы адам
Әйгілі португалиялық футболшы Криштиану Роналду әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинап, мұндай жетістікке жеткен әлемдегі алғашқы адам атанды.
Ол әлеуметтік желілерде 1 млрд жазылушы жинағанын Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлап, барша жанкүйеріне алғыс айтты.
Біз тарих жасадық – 1 миллиард жазылушы! Бұл жай ғана сан емес – біздің ойынға деген ортақ құмарлығымыздың, сүйіспеншілігіміздің дәлелі. Мадейра көшелерінен бастап, әлемдегі ең үлкен алаңдарға дейін мен әрқашан отбасым үшін және сіздер үшін ойнадым. Енді 1 миллиард болдық. Маған сеніп, қолдағандарыңыз және өмірімнің бір бөлігі болғандарыңыз үшін рахмет! Ең жақсысы әлі алда, біз бірге жеңіске жетіп, тарихқа енеміз, - деп жазды Роналду.Айта кетсек, «Алтын доптың» бес дүркін иегері 2023 жылдан бері Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнап жүр. Ол Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы, клубтық әлем чемпионаты тарихындағы үздік сұрмерген саналады.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
03.11.2026
10:37
"Кез келген өзгеріске дайынмын": Дариға Бадықов...
03.11.2026
10:23
Наташа Қалымбетова ДНҚ сараптамасының нәтижесін...
03.11.2026
09:35
"Мәйітін көлге лақтырып кеткен": 24 жастағы әйе...
03.11.2026
09:32
Қазақстанның қуаты енді жасанды интеллектпен сы...
03.11.2026
09:13
Өзбекстанда қарағандылық жас футболшылар жаппай...
03.11.2026
08:43
Соғысқа нүкте қойыла ма: Ресей мен Украина арас...