"Руслан Тай қазақы болғаны соншалық, мүшесіне де тақия киіп алған": Асхат Ниязовтың әзілі сынға ұшырады

20.10.2025 18:42
0
245

You-Tube платформасындағы "Прожарка Каны Бейсекеева" подкасында журналист Асхат Ниязов әзілкеш Руслан Тай туралы әзілдеп, сынның астында қалды деп хабарлайды POLITICO.KZ 

Подкастқа келген қонақтар кешті қыздыру мақсатында, бір-біріне әзіл арнайды. Алайда қазақстандықтар журналист Асхат Ниязовтың әзілін орынсыз деп атап сынға алды.

Русланның қазақы болғаны соншалық, ол мүшесіне де тақия киіп алған", – деді Асхат Ниязов. 

Журналист Диас Нұрақын Асхат Ниязовтың бұл сөзін сынап, қазақтың тақиясына қатысты әзілдегеніне наразы болған. 

"Асеке астанавись, тым қатты кетіп бара жатырсың. Қазақтың тақиясын әзілге тығып не көрінді саған? Күлдіремін деп бүлдіріп алдың бәрін. Әкімдердің қыр соңынан қалмай сұхбат алып, репортаж жасайтын Асхат Ниязов деген журналистің не айтып отырғанын қараңыздар. Қазақы тақияны қағытпасына қосып, қорлап отыр. Ресейде туып, орыстардың ортасында өскен жігіт. Өресі қазақылықты әлі қабылдамапты. Қазақтың ұлттық киімдерін, салт-дәстүрін сыйламасаң, “Обожаю” деп кімге немесе нені айтып жүрсің?" – деді Диас Нұрақын. 

Нұрақынның бұл жазбасына пікір жазғандардың дені оны қолдаған.>

Руслан Кенжебаев та журналист Асхат Ниязовтың әзілі күлкілі емес екенін және ұят қылық жасағанын айтады.

"Тақияны әзілдеп, соны “қалжың” деп көрсетіп отыр. Осындайларды "невтемщик" десе жарасады, бәріне күледі, бірақ ештеңені түсінбейді. Күлкі болсын деп, өз мәдениетіңді қорлау, ол еркіндік емес, рухани кедейліктің белгісі. Кім қазақ отбасында өскен болса, біледі, дәстүрмен, қасиетпен ойнауға болмайды. Әзіл мәдениетпен айтылса жарасымды, ал мәдениетсіздікті күлкіге айналдырсаң, ол енді өнер емес, ұят", – деді Руслан Кенжебаев.

Сонымен қатар блогер Мұрат Даниярдың да "Қаңтар" туралы айтқан әзілі де дауға ұласты.

"Алматының кейбір тұрғындары үшін қасіретті "Қаңтар" оқиғасы әзіл тақырыбына айналған сияқты. Ал шын мәнінде, ол кезде 238 отандасымыз қаза тауып, тәртіпсіздіктерден келген шығын 100 миллиард теңгеден асты. Сондай-ақ екі мыңнан астам бизнес нысаны зардап шекті", – деп жазды тағы бір оқырман.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий