Салық органдары қазақстандықтардың барлық шоттарын тексере бастады

2025 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстанның фискалдық органдары азаматтардың жеке шоттарына түсетін қаражат қозғалысын мұқият бақылауға алды. Мұндай шара ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ұсынған мобильді аударымдарды қадағалау тетігінің жаңа нұсқасымен байланысты.
Енді банктер теңгемен жасалатын аударымдармен қатар, шетел валютасындағы операцияларды да бақылап, олардың жалпы көлемін есептейтін болады, деп жазады digitalbusiness.kz.
Сарапшылар пікірі
Салық саласы бойынша мамандардың айтуынша, валюталық шоттарды бақылау туралы КГД-ның ресми мәлімдемесі салық органдарының азаматтардың барлық қаржылық операцияларын тексеруге кіріскенін дәлелдейді.
Бұл тәсіл түрлі банктерде бірнеше шоты бар азаматтардың аударымдарын бөлшектеу арқылы салық бақылауынан тыс қалдырмау үшін енгізілген.
Белгілі деректер
Егер азаматтың шотына үш ай қатарынан түскен қаражаттың жалпы сомасы 12 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы шамамен 1 миллион теңге) асып кетсе, банк бұл ақпаратты салық органдарына ұсынуға міндетті.
Сондай-ақ, үш ай ішінде жеке тұлғаның шотына 100 және одан да көп түрлі адамнан ақша түсу жағдайларына ерекше назар аударылады. Мысалы, шілде айында – 100, тамызда – 103, қыркүйекте – 106 аударым болса, мұндай жағдай кәсіпкерлік қызметтің белгісі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Тіпті қаражат таныстардан, достардан немесе клиенттерден келіп түскен жағдайда да, егер операциялар жүйелі сипат алса, салық органдары камералдық бақылау жүргізіп, азаматқа ресми хабарлама жібереді.
Осыдан кейін азамат не салық төлеуші ретінде тіркелуге, не қаржының шығу көзін түсіндіріп, растайтын құжаттар ұсынуға тиіс болады.
Соңғы жаңалықтар





