Сара Назарбаеваға қатысты қауесеттерге ресми жауап берілді

27.12.2024 14:04 Арман Ермеков Арман Ермеков
Сара Назарбаеваға қатысты қауесеттерге ресми жауап берілді
0
849
t.me/informburo_kz
Сара Назарбаеваның өлімі туралы ақпаратқа ресми түсініктеме берілді

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кеңесшісі және баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның қайтыс болуы туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

"ҚР-дағы бірнеше бұқаралық ақпарат құралдарының сұранысына байланысты, Сара Алпысқызының қайтыс болуы туралы желіде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейтінін мәлімдеймін", – деп жазды Үкібай өзінің X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қазақстанның тұңғыш президентінің жұбайы Сара Назарбаева 84 жасында қайтыс болды деген ақпарат тараған болатын. Айдос Үкібай бұл ақпараттың негізсіз екенін нақтылап, оның денсаулығына қатысты алаңдаушылық білдірген адамдарға алғысын жеткізді.

Сара Алпысқызы Назарбаева – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жұбайы, танымал қоғам қайраткері және қайырымдылық жобаларының негізін қалаушы.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий