Сауд Арабиясы 12 жасқа дейінгі балаларға қажылыққа қатысуға тыйым салды
Сауд Арабиясы қажылыққа баратын азаматтар үшін жаңа жас шектеуін енгізді. Енді 12 жасқа толмаған балалар жыл сайынғы қажылық рәсімдеріне қатыса алмайды, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Бұл өзгеріс ресми Nusuk Hajj платформасында жарияланды және 2026 жылғы қажылық маусымынан бастап күшіне енеді. Шектеудің басты себебі — қауіпсіздік талаптары. Соңғы жылдары қажылық көбіне аптап ыстықта өтеді, бұл әсіресе балалар арасында күн өтуі және басқа денсаулық қатерлерінің артуына әкеліп отыр. Сондай-ақ қажылық кезінде жиналатын адамдардың көптігі қосымша қауіп тудырады.
Бұған дейін де кәмелетке толмағандарға қатысты бірқатар шектеулер енгізілген болатын. Енді бұл өзгеріс ресми түрде минималды жасты бекітіп, балалардың қажылыққа қатысу тәртібін нақтылай түсті.
Соңғы жаңалықтар