Семейдегі мұғалімнің жұбайы оқиға туралы мәлімдеме жасады

Семейдегі мұғалімнің жұбайы оқиға туралы мәлімдеме жасады
23.12.2024 16:20
0
535
Бейнеден кадр
Мұғалімнің жұбайы оқиға туралы егжей-тегжейлі баяндады.

Семей қаласының әкім ауысуы мұғалімнің орталық алаңдағы шыршаны безендіру кезінде жарақат алу оқиғасына қатысы жоқ, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Бұл туралы қала әкімдігі ресми түрде мәлімдеді.

Еске салайық, 21 желтоқсанда Семейде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қуат Айтқалиев шырша безендіру барысында биіктіктен құлап, түрлі жарақаттар алған еді. Оған реанимациялық көмек көрсетіліп, кейіннен жағдайы тұрақталды.

Журналистердің сұрағына жауап берген әкімдік өкілдері әкімнің ауысуы мен оқиға арасында байланыс жоқ екенін атап өтті.

Сонымен қатар, жарақат алған мұғалімнің жұбайы Сымбат Аянқызы бізге берген сұхбатында бұл жұмысқа мұғалімдерді тарту туралы бұйрық мектеп директорынан түскенін растады.

Айта кетсек, шырша безендіру жұмыстарына тағы екі мектептің мұғалімдері қатысқан болатын. Осыған байланысты олардың директорларына қатаң сөгіс берілді, ал қалалық білім басқармасының басшысы қызметінен босатылды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или