"Сен ән айтпай-ақ қойшы": Жұлдызай Дүйсенбиева өзін сынайтындарға жауап берді

23.01.2025 12:01
0
137
ашық дереккөз

Актриса Жұлдызай Дүйсенбиева өзіне «ән айтпай-ақ қой» деп сынайтындарға жауап берді.

Актриса жастайынан музыка саласында білім алғанын айтып, жасөспірім кезіндегі видеосын жариялады.

“Бұл – 1997 жыл. Жасым 16-да. Мен – кәсіби домбырашымын. Керемет ұстаздардан білім алғанмын. Талай рет лауреат атанғанмын. Жалпы, кәсіби музыкантпын. Маған “сен ән айтпай-ақ қой, сахнаға әркім бір шыға береді” деп жазатындар бар. Мен – ұлы ұстаз Райымбек Сейтметовтің шәкіртімін. Кәсіби әртіспін. Әлімбек Қонысбековтың домбыра класын тәмамдағанмын. Каратэмен айналысқанмын. Сосын 5-сынып оқып жүргенде Айнұр деген ұстазым бар еді. Ең алғаш театрда ертегі қойып ойнатқан. Фамилиясы есімде қалмапты. Бір жыл ғана жұмыс істеп, Кентаудан көшіп кетті. Домбырамен өз ортамызда ән саламын”, – деп жазды актриса. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или