Сейфуллин Жолбарыс әкесі әйелін алғашында қалай қабылдағаны туралы айтты

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс «Бірінші арнадағы» «Көреміз Шоу» бағдарламасында қонақта болып, отбасылық өмірі мен әкесі туралы жүрекжарды естеліктерімен бөлісті. Ол өз жарының орыс ұлтынан болуына қарамастан, әкесінің бұл шешімді жылы қабылдағанын айтып өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
«Жоқ, таныстырған кезде солар айтып тұр ғой "осыны ал" деп. Көңілінен шығып тұрғаны ғой», — деді әнші.
Сейфуллин Жолбарыс жарының марқұм әкесіне ерекше қамқорлық көрсеткенін де атап өтті.
«Марқұм әкеме жақсы қарады ғой. Әкем батасын беріп кетті. Өзі айтқан нәрсесінің бәрі орындалды», — деп тебірене еске алды ол.
Сондай-ақ, өнер иесі әкесінің көрегенділігі мен парасаттылығын ерекше мақтанышпен жеткізді:
«Енді ол кісі тоқсаннан асқан адам. "Балам, мен рентгенмін" деп айтатын. "Керек болса, достарыңды алып кел. Қайсысы адал, қайсысы онша емес екенін айтып беремін" дейтін», — деді Сейфуллин Жолбарыс.
Бағдарлама барысында әншінің әкесі мен отбасына деген ілтипаты, ұрпақтар сабақтастығы мен үлкендердің батасының маңызы терең көрініс тапты.
Соңғы жаңалықтар





