«Шегіп алған ба»: Төреғали Төреәлінің стадиондағы оғаш қылығы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

19.06.2026 09:51 Абзал БАХЫТЖАНОВ
«Шегіп алған ба»: Төреғали Төреәлінің стадиондағы оғаш қылығы қызу талқыға түсті (ВИДЕО)
241
Фото: Бейнеден алынған скрин

Әлеуметтік желі қолданушылары әнші Төреғали Төреәлінің Алматы қаласындағы "Орталық" стадионда көрсеткен өнерін қызу талқылап жатыр. Ол "Қайрат" және "Қызылжар" командалары арасындағы футбол матчының үзілісінде алаңға шыққан. Өнерпаздың бұл әрекеті қазақстандық жанкүйерлердің ашуын туғызды, деп хабарлайды kursiv.media.

Ойынды тамашалауға келген көрермендердің айтуынша, әнші жасыл алаңда өзін өте біртүрлі ұстаған. Оның ән айту кезіндегі қимылдары үйлеспей, тіпті қолындағы микрофонын жерге құлатып алған.

Бұған қоса, көрермендер әншінің жанды дауыста шырқамағанын байқап қалған. Ол тек фонограммаға ілесіп, аузын жыбырлатып тұрған. Оқиға орнында дәл осы сәт түсірілген видеолар интернетте лезде тарап үлгерді.

Бұл жағдайға қатысты адамдар түрлі болжам жасап, өз пікірлерін жаппай жазып жатыр. Олардың басым бөлігі "Ұлы дала баласы" атанған әншіні қатаң сынға алды. Желі белсенділері "Ұлы дала баласы осылай болса, басқамыз не болдық, осыған бір запрет қоятын уақыт келді" деп жазған.

Кейбір адамдар бұл көріністі масқара деп бағалап, әншінің көзі жұмулы күйде өзімен-өзі жүргенін айтты. Жұрт "Мә, мынауың еще фонограмма ғой, көз жұмулы, өзімен-өзі, масқара" деп реніштерін білдірді.

Алайда халық арасында сүйікті әншісін жақтап, оған араша түскендер де табылды. Олар бұл жағдайды түсіністікпен қабылдап, түрлі қолайсыздықтар болуы мүмкін екенін алға тартты.

Әншіні қорғағандар "Бір қолайсыз жағдайдан осылай болып шыққан шығар, өмірде көргендер болса білер, өте жақсы кісі" деп пікір қалдырды.

Войдите, чтобы оставить комментарий