Шерзат Болатты әкесі пышақтауы мүмкін – адвокат

Шерзат Болатты оның әкесі – Қаржаубай Нұрымов өлтірген болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастыру қажет. Мұндай мәлімдемені сотта айыпталушылардың бірі Жұмат Әбеновтың адвокаты жасады, деп хабарлайды POLITICO.KZ КазТаг-қа сілтеме жасап.
«Кенет төбелес басталып, әкесі байқамай пышақты ұлына сұғып алған болуы мүмкін. Мұндай нұсқаны да жоққа шығаруға болмайды», – деді адвокат дүйсенбі күні өткен тараптардың жарыссөзінде.
Сондай-ақ, ол жанжалдың түпкі себебі ретінде Шерзат Болатқа ата-анасының берген тәрбиесі дұрыс болмауы мүмкін деген болжамын да айтты.
«Қаржаубайды да жауапкершілікке тартуға болады. Орысша айтқанда, ол жерде нағыз қырғын ұйымдастырған», – деді Әбенов.
Бұған дейін айыптаушы тарап сотталушыларға 23 жылға дейінбас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.
Соңғы жаңалықтар




