Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу қашан аяқталатыны айтылды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов полицияның жасөспірім Шерзат Болатты өлтіру ісіне қатысты тергеуді қашан аяқтайтынын айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Жыл соңына дейін біз барлық сараптамаларды алып, барлық тергеу әрекеттерін аяқтаймыз. Осы қылмыстық істің 11 қатысушысы қамауда болады. Олардың барлығы жауапқа тартылады. Прокурордың келісімі бойынша түпкілікті айып тағылады және қылмыстық іс материалдарын қылмыстық процеске қатысушыларға таныстыруға ұсынамыз, - деді Санжар Әділов.
Еске салайық, осыған дейін марқұм Шерзат Болаттың әкесі Қаржаубай інісі Нұрқанаттың мәйіті табылған орынды көрсетіп видео жариялағанын жазған болатынбыз.
Бірақ туған-туыстары оның өз-өзіне қол салғанына сенбейді. Бүгін марқұмды жер қойнына тапсырғаннан кейін ағасы Қаржаубай Нұрымов оның өлім себебін ашық тергеуді талап етіп, наразылық білдірген. Оны полиция ұстап әкетті.
Ақпарат Qaz365.kz сайтынан алынды